Қазіргі таңда, Шымкент қаласы аумағында 5 түзеу мекемесі орналасқан. Дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і тарапынан түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер арасында тұрақты кездесулер өтеді.
Бұл бағыттағы жұмыстарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Шымкент қалалық өкілдігі, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог мамандары жұмылдырылған. Жыл басынан бері 40 жалпы топтық және 62 дербес кездесулер өткізілген.
Сондай-ақ, теолог мамандар тарапынан түзеу мекемелерінің кітап қорларына мониторинг жүргізіліп отырады.