Шымкентте діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алумен 137 діни бірлестік пен филиалдар қызмет атқарады

Шымкент қаласында қазіргі таңда 137 діни бірлестік пен филиалдар әділет органдарынан тіркеуден өтіп қызмет атқарып отыр. Оның ішінде: исламдық – 106 мешіт;  исламдық емес – 31 діни бірлестік. Атап айтқанда: православиелік-6,  католиктік-1, иудейлік-1, елуіншілер-7, пресвитериандық-5, иегова куәгерлері-3, христиан баптистер-5, адвентистер-1, жаңа апостолдық-1, бахаи-1.

Шымкент қаласы бойынша тіркеліп жұмыс жасап жатқан 11 шетел азаматтары миссионерлік қызметпен айналысуда. Атап айтқанда: (католик шіркеуі-5, баптистер-2, пресвитериан-1, елуіншілер-1, жаңа апостол-2).

Бүгінгі таңда миссионерлік қызметтің заң бұзушылық фактілері анықталмаған.