ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті карантиндік режимнің қолданылуын ескере отырып, уәкілетті органның тұтынушылармен кері байланысын қамтамасыз ету мақсатында табиғи монополиялар субъектілерінің, «Nur-Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының, «Атамекен» ҚР ҰКП Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдарының, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен онлайн режимде тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізді.
Қоғамдық қабылдау барысында 2 тұтынушы тарапынан газ және жылумен жабдықтау мәселесі бойынша сұрақтар келіп түсті. Департамент және табиғи монополия субъектілері аталған мәселелер бойынша тұтынушыларға түсініктемелер берді.
Осындай қоғамдық қабылдаулар тұрақты негізде, атап айтқанда әр айдың әрбір бірінші сейсенбісінде өткізілетін болады.
Шымкент қаласының Табиғи монополияларды реттеу департаментінің ресми сайты