Шымкентте табиғи монополия субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен «Қазығұрт жолы» ЖШС-ы, «Көмір» ЖШС-ы, «Интер-Транс-К» ЖШС-ы атты табиғи монополия субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Субъектілер «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Субъектілерге Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 5-бөлігіне сәйкес жалпы соммасы 1 221 278 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ресми сайты