Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ақпараттық-ағартушылық штабы қоғамда парасаттылық қағидатын қалыптастыруда

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау үшін ең алдымен жас ұрпақтың бойына парасаттылық қағидатын қалыптастыру қажет. Себебі, бүгінгі студент ертеңгі маман. Ал, елдің дамуы білімді де білікті, парасатты  кадр қолында.

Осы мақсатта, «Sanaly urpaq» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің жанындағы Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ, Отырар аудандарының құрметті азаматы Шалатай Мырзахметов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің студенттерімен кездесті.

Басқосуда Шалатай Мырзахметұлы жастармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, өскелең ұрпақты парасатты, адал болуға, құндылықтарды сақтауға шақырды.

Сонымен қатар, Штаб мүшесі елдің дамуындағы жастардың рөліне, оларға берілген мүмкіндіктерге тоқтап, студенттерді бір орында тұрмай, әрқашан білімдерін жетілдіріп отыру қажеттігін айтты.

Басқосу барысында студенттер арнайы келген қонақтың өмір жолына, жеткен жетістіктеріне қатысты сұрақтарын қойып, Штаб мүшесінің жауабына ризашылықтарын білдірді.