Шымкент қаласы, Абай ауданы «Атамекен» мешітінің ұйытқы болуымен «Әр аптаға бір шара» жобасы аясында қайырымдылық шарасы жалғасуда.
Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандардың үйлерін аралап, тұрмыс жағдайын біліп, қажетті көмектер берілді.
Айтулы шара Шымкент қаласы, Абай аудандық Зекет қорының маманы Әлжан Сәдиев пен «Атамекен» мешітінің бас имамы Абдиһахар Ерматовтың ұйытқы болуымен ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында мұқтаж азаматтардың үйлеріне азық-түлік жеткізіп, қуанышқа бөледі.
Сондай-ақ, бас имамы Абдиһахар Ерматов қайырымдылық шараға тұрақты демеушілік ететін азаматтарға ризалығын білдірді.