Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы муралдар бой көтерді

Шымкент қаласының түзеу мекемелері қабырғаларынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы муралдар салынды. Түзеу мекемелерінің қабырғаларында пара алмауға шақырған муралдарда «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы», «Пара алсаң өзіңнің және балаларыңның болашағынан айырыласың», «Мен арымды сатпаймын» тақырыптарында және мегополистің Нұрсәт мөлтек ауданының халық көп шоғырланған жол бойындағы  көп қабатты үйлерінде де муралдар бой көтерді.

Жалпы, Шымкент қаласының халық көп шоғырланған бас көшелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша 30 арнайы ақпараттық баннерлер ілінген.