Шымкент қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған Халықаралық онлайн-турнир өтті

Шымкент қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған  КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған cтенд және оқ атудан ХХIX Халықаралық онлайн-турнир өтті.

Турнир 20-30 қазан аралығында өтті. Ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов және әлемнің төрт дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарынан келген 100-ге тарта спортшы қатысты.

Жарыстың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, елімізде ату спортын дамыту, спортшылардың шеберлігін шыңдау және олардың рейтингін анықтау, оларды республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
⠀Он күнге созылған турнир — cтенд ату бойынша «SHYMKENT SHOOTING PLAZA» ашық ату алаңында өтсе, оқ ату жарысы Шымкент қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебі базасының ату тирінде болды.

Қаладағы ату спортының даму тарихында бұл турнир 29-шы рет өткізіліп, еліміздің тәуелсіздігімен қатар қадам басып келеді. Бұл жарысқа онлайн түрде әлемнің 20 елінен, атап айтқанда Италия, Армения, Германия, Израиль, Бангладеш, Бутан, Катар, Иран, Ливан, Кувейт, Индонезия, АҚШ, БАӘ, Ресей, Беларусь, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстаннан спортшылар қатысты.
⠀Оқ ату спорт түрінен Sius Ascor, стенд ату спорт түрінен Multi-Pull, Range Master бағдарламаларын қолданып, электрондық қондырғыларда өтті.

Сондай-ақ, турнир барысында Олимпиада ойындары мен Азия ойындары, Азия Чемпионаттары және «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсетті.

⠀Айта кетейік, Шымкентке келген барлық спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілерден ПТР сынағының теріс нәтижесі бар анықтама алынған.

Сонымен қатар, турнир өтіп жатқан спорт ғимараттарында барлық санитарлық нормалар сақталған.