Шымкент қаласында діни экстермизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында ақпараттық жұмыстар күшейтілген

Шымкент қаласында жастар арасында діни экстермизм мен терроризмнің алдын-алу, кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтау, жастардың діни иммунитетін көтеру мақсатында Haqjoly.kz діни ақпараттық порталы жұмыс жасауда.

Аталған сайтта «Зайырлы мемлекет», «Дін және жастар», «Дін және қоғам», «Теріс ағым», «Дәстүрлі дін», «Бейнероликтер», «Жаңалықтар», «Мақалалар», айдарларымен қамтылған. Жыл басынан бастап сайтта діни экстермизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша 100 аса мақалалар, жаңалықтар, бейнероликтер енгізілген.

Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында діни алауыздықты немесе араздықты қоздыруға, терроризм мен экстремизм идеяларын насихаттау түрлері мен тәсілдерін әшкерелеуге бағытталған діни экстремизм қауіптілігін түсіндіру үшін www.facebook.com/profile.php желісінде «Шымкент дін» парақшасы және Instagram желісінде «din.shymkent» парақшасы ашылып жұмыс жасауда. Аталған фейсбук парақшасында діни қатынастар саласындағы радикалды көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және радикалсыздандыруға бағытталған материалдар тұрақты жарияланды.

Сонымен қатар ,Шымкент қалалық дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы-теолог мамандары тарапынан қала тұрғындарына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, кереғар діни ағымдардың зияндығын түсіндіру, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын онлайн режимінде (Facebook «Шымкент дін» парақшасы) тікелей эфир  арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.