Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлесіп «Адалдық алаңы» жобасының алаңында алғашқы отырыс өткізілді.
Отырысқа «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағалары мен мүшелері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы және тиісті басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті тарапынан жүргізілген Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Shymkent» ӘКК АҚ Басқармасына жүргізілген сыртқы талдау жұмыстарының қорытындысы талқыланды.
Отырыс барысында қатысушылар тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша бірқатар нақты ұсыныстар берілді.