Шымкент қалалық төтенше жағдай департаментінде салтанатты жиын өтті

Биыл Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осыған орай Шымкент қалалық төтенше жағдай департаментінде салтанатты жиын өтті.

Мерекелік іс-шараға департаменттің басшылығы мен жеке құрам қатысып, қызметінде көзге түскен құтқарушыларға ҚР Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің, ТЖ департаментінің басшысы Нұрболат Дербісовтың алғыс хаттары, мерекелік төсбелгілер табысталды.

Бұған қоса төтенше жағдай департаменті БАҚ өкілдері арасында жариялаған байқаудың қорытындысы жарияланды. Құтқарушылар өздерінің жұмыстары туралы халық арасында кеңінен насихаттап, түрлі төтенше жағдайдың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрген қалам ұстаған қауымға құрмет грамотасы мен сыйлық табыстады.

Еңбегі еленгендер қатарында «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшілері Наталья Хайкина, Әнуар Жұмашбаев және Нұрлан Бектаев та бар.

Ақпарат көзі Шымкент келбеті газеті