ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТТІҢ НАИБ ИМАМЫ «АБАЙ ӨСИЕТТЕРІ» КІТАБЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» телеарнасының имандылық хабарында қалалық мешіттің наиб имамы Мұхамеджан Естеміровтің «Абай өсиеттері» кітабы көрермен қауымға таныстырылды.

«Абай өсиеттері» кітабы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай жастарды дәстүрлі дінге бағыттау және жол көрсету мақсатында жарық көрді.

Кітап Шымкент қаласының Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқу-әдiстемелiк кеңесiнде талқыланып, оң қорытынды беріліп, баспаға ұсынылды.

Сонымен қатар, арнайы хабарға қатысқан кітап авторы Мұхамеджан Естеміров Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында ҚМДБ тарапынан атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Одан бөлек, жастарды жат ағымнан сақтауда атқарылып жатқан жұмыстар мен карантин кезіндегі қалалық мешіттердегі шектеулер туралы кеңінен баяндады.