Шымкент сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыруда

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша мемлекеттік мекеме басшыларының арасында ашықтық қағидасын қалыптастыру мақсатында «Жемқорлық бізге жат» акциясы ұйымдастырылды – деп хабарлады қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан онлайн-форматта өткен мәжілісте.

Қазіргі таңда 12 мемлекеттік мекеме басшысы өз айлық жалақыларын жариялап, арнайы бейнеролик дайындалды.

Сондай-ақ «Шымкент – адалдық алаңы» телевизиялық бағдарламасының 7 қойылымы түсірілді.

Қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру үшін «Адалдық, әділдік және парасаттылық» тақырыбы аясында шығармашылық конкурс өткізіліп, сауалнама ұйымдастырылды.

Жалпы алғанда, Шымкент қаласында жұртшылық адалдық үшін күнделікті күресіп жүр және ол жалғаса бермек, — деп сөзін түйіндеді                 Ш. Мұқан.