Шымкент: сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық топ мемлекеттік қызметшілермен кездесті

Шымкент қалалық ақпараттық-ағартушылық топтың мүшелері Еңбекші ауданы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық принциптерін енгізу мақсатында  кездесу өткізді.

Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің қалалық департаментінің бас маманы А.Марасулов, Еңбекші аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өкілі Ж.Ахметов, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшелері  және Еңбекші ауданы әкімдігінің ұжымы қатысты.

Шарада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Агенттік тарапынан жүзеге асырылып отырған жобалар таныстырылды.

Сонымен қатар, Transparency International халықаралық үкіметтік емес ұйымы 2019 жылғы «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» атты жыл сайынғы басты зерттеулерінің нәтижелері жарияланып, Қазақстан мүмкін 100 баллдың 34 баллын алып, 180 елдің арасынан 113 орынды иеленгендігі жөнінде қатысушыларды хабарланды.

Жиынға қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің әдебіне,  адалдық, ашықтық,  парасаттылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби атқару қажеттігіне тоқталды.

Шара барысында Агенттіктің «1424» Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді, шағымдар, өтініштер, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды, сыбайлас жемқорлық фактілеріне, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына шұғыл әрекет ететіндігі хабарланды.