Шымкентте дін өкілдері «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды

Бүгін Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, Әл-Фараби аудандық мешітінің бас имамы Ахметжан Керімбек, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов және Шымкент қаласы бойынша «Қажылық» бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет» қорның өкілі Айбек Азимбаев пен қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков қатысып, ізгі іс жасады.

Баршамызға белгілі, биылғы төтенше жағдайға байланысты мектеп оқушыларына ең қажетті құрал ретінде онлайн сабақ оқуына планшет табысталды.

Шара аясында 150 жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың 150 оқушыға планшеп тарту етілді. Барлық планшеттер карантин жағдайы орай  оқушылардың үйлеріне жеткізілді.