Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, қоғамда діни экстремизм идеяларының таралуының алдын алу мақсатында Дін істері комитеті жанындағы Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру топтың мүшелері Шымкент медресе колледжінің қыздар бөлімінде білім алып жатқан студенттермен кездесті.
Кездесуге Алматы облысының дін істері басқармасы «Діни экстремизм мен құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту» КММ-нің психологиялық коррекция әлеуметтік бейімдеу бөлімінің басшысы Ұзақбаева Лаура, ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі Тілегенова Ақбөпе және ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторлығының жетекшісі, Шымкент қаласы орталық «Halifa bin Zeyd al-Nahatan Aqmeshiti» мешітінің ұстазы Досжанова Балжан қатысты.