ШЫМКЕНТ: КҮЗГІ ТҰҚЫМ ЖИНАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» КММ-нің орман тұқымбағында түрлі ағаш тұқымдарын жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 

Атап айтқанда, сумах және катальпа ағаштарының тұқымдарын жинау жұмыстары басталды. Жұмысшылар жиналған тұқымдарды тазалап әрі кептіреді. 

Бұған дейін тұқымбақта алмұрт ағашының және тау пістесінің тұқымын жинау жүргізілгенін хабарлаған едік.

Жалпы, қарағаш, жиде, легустар егілген алқапты арамшөптерден тазарту жұмыстары да қолға алынған болатын.   

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы