Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов мәлімдеді.
– Еңбекші ауданы бойынша 1, 2 және 3-тоқсанда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 6 789 отбасы өтініш білдірді. Бұл отбасылардың мұқтаждық деңгейін анықтау мақсатында әрбір отбасының тұрғылықты мекен-жайларына жеке-жеке аралау жұмыстары жүргізіліп, тұрмыстық жағдайларына қатысты зерделеу актілері толтырылды. Нәтижесінде, 5 857 отбасы мұқтаж деп танылды. Ал қазан айынан бері 960 отбасы өтініш беріп, 645-сіне тағайындалды. Қалған 110 отбасының өтініші комиссия қарауында, – деді Ғалымжан Молдабайұлы.
Спикердің сөзінше, «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында 50 мың теңге ақшалай көмекті 1-кезеңде 3 923, 2-кезеңде 3 794 және 3-кезеңде 2 223 отбасы иеленген. Ал әлеуметтік мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратына келуші 4 300-ге жуық тұрғынға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Айта кетейік, Еңбекші ауданы аумағындағы 529 көп қабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы