2019 жылдың 8 маусымда Водопьянов көшесі №1 «А» үйде өрт орын алды. Тілсіз жау салдарынан 42 отбасы (95 адам) баспанасыз қалды. Шымкент қаласы әкімдігі жаңа тұрғын үй салу жөнінде шешім қабылдады. Тұрғындар уақытша баспанамен қамтылды.
Құрылыс барысын қала әкімі Мұрат Әйтенов жіті бақылауына алған болатын.
Бүгінде ондағы тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Жаңа 5 қабатты 85 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. 42 отбасы жаңа баспананың кілтін алады. Тұрғын үйдің ашылу салтанатына «Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысты.