ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ МҰНАЙБАРЛАУШЫЛАР КӨШЕСІНДЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының аудан аумақтарындағы тұрғын алаптарда жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 

Аудан әкімдерінің жылдық есебінде тұрғындар негізінен жарықтандыру мәселелерін жиі көтеретін. Бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді.  

Еңбекші ауданы Тоғыс тұрғын  алабындағы Мұнайбарлаушылар көшесінде жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. 

Жарықтандырылған көше бойының жалпы ұзындығы 800 метр. Мердігер мекеме «ABM – Building 2007» ЖШC құрылыс жұмыстарын жоспарға сай аяқтады.  

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы