Шымкент қаласының Жобалық кеңсе мен қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері қаладағы жоғары және арнаулы оқу орындарында ұжымдармен және жастармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында жиындар өткізді.
Қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Бекбосынов Ермек Төленұлы Шымкент қалалық ААТ лекторы, заң ғылымдарының PhD докторы Кенесары Қасымұлы атындағы №82 жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымымен және «№95 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ұжымымен кездесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда белсенді түрде жұмыла күресуге шақырды.
Сонымен қатар, жастарды еліне адал, жанашыр болуға шақырды.
«Ақпараттық-насихаттық штабы халықпен сындарлы диалог құру және кеңейтілген ақпараттық іс-шаралар арқылы парасаттылық қағидаттарын дамыту мақсатында құрылды» — деді Штаб мүшесі.
Сондай-ақ, парасаттылық құндылықтары бойынша әр бала үйден тәрбие алып, әр бір студент жасқа оқу орнында дұрыс бағыт-бағдар берілсе елімізде жемқорлық болмайтынын айтты.
Қалалық ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшесі студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сонымен қатар, адалдық принциптерін енгізу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.