Шымкентте «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы тиімді жүзеге асырылуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырған болатын.

Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылды.

Осы мақсатта Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті жанынан «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.
Жобалық кеңсенің мақсаты тұрғындармен кері байланыс орнату, тұрмыстық сыбайлас жемқолрлықты жою және тиімді іс-шаралар қабылдауды қамтамасыз ету болып табылады.

Әскери есепке алу, есепке алу-шақыру, кадр жұмысы және қаржылық қызмет мәселелерін шешу оңай болды —  дейді мамандар.

Жобалық кеңседе толық ақпарат бере алатын қызметкерлер жұмыс істейді. Кеңсе open space форматында ашылған.

Келушілерді қабылдау жұмыс уақытында жүзеге асырылады. Департаментте қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы артады деген сенімдеміз.

Ал қазір аталған жобалық кеңсені тәрбие жұмысы жөніндегі департамент бастығының орынбасары басқарады және топ құрамына жауапты мамандар енгізілген.