ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЭЛЕКТРОНДЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШТІ

Құрметті, қала тұрғындары! Бұған дейін хабарлағанымыздай 9 қарашадан бастап, қоғамдық көлікте жолақысы карта бойынша – 70 теңге, қолма-қол төлеу 100 теңге болғанын хабарлаймыз.

Карталарды қаладағы ірі дүкендер мен автобустардан, ХҚКО және жұмыспен қамту орталықтарынан ала аласыздар.

Егер, картаңыз бола тұра, автобустарда картамен төлем қабылдайтын аппараттарда техникалық ақау болса, Сіз 70 теңге төлей аласыз.

Сондай-ақ, оқушылар мен студенттер және тегін жүретін санаттағы жолаушылар бұрынғысынша студенттік картаны немесе кітапшасын көрсету арқылы жеңілдікпен жүруге мүмкіндігі бар.

Егер сұрақтарыңыз болса, Төлем жүйесінің Call-орталығы 87758112222 нөміріне хабарласыңыздар.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі