ШЫМКЕНТТЕ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КӨКТАЙҒАҚТЫ БОЛДЫРМАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Шымкентте қар тазалау және көктайғақты болдырмау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Қала көшелерін қардан тазарту және көктайғақтың алдын алу мақсатында коммуналдық 5 мекеме күшейтілген кестеде жұмыс істеуде. Қар тазалауға 600-ден астам жұмысшы, 101 техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта коммуналдық мекемелер 32 бағыт бойынша жұмыс жасап, көктайғақтың алдын алу үшін 721 текше метр инертті материал себілді.

Сондай-ақ, қала көшелеріндегі аяқжолдар, аялдамалар, әлеуметтік нысан аумақтары қардан тазартылды.