Жобаның негізгі мақсаты мен тұжырымдамасы қала тұрғындарын салауатты өмір салтына баулу, дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту болып табылады.
Жалпы, Шымкент қаласында бүгінгі таңда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 294 мың адамға жеткен. Бұл барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 27,8% екенін көрсетеді.
Қала тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қалада 856 спорттық нысан жұмыс істеуде.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында жастарды салауатты өмір салтына баулу мақсатында 94 спорт кешендері студенттердің спортпен айналысуына мүмкіндік береді.
Білім беру ұйымдарында 44 комитет бар(оның ішінде 11 ЖОО-да, 33 колледждерде).
Комитеттер жанында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық ұйымдар жұмыс жасауда. Онда жастар спорттың мына түрлерінен: футбол, баскетбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, үстел теннисінен жаттығады. Нәтижесінде қалада спортпен шұғылданушылар мен салауатты өмір салтын ұстанушылар саны күннен күнге артып келеді.