Шымкент, 2020 жылғы 11 наурыз. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығының қалалық филиалы мен Арнайы мониторингтік топ, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдері жол құрылысы барысын бақылау мақсатында рейдтік іс- шаралар өткізді.
Бұл жолы «Нұртас» шағын ауданында салынып жатқан жолдар қоғамдық және ведомстволық бақылауға алынды.
Арнайы жылжымалы зертхананы қолдану арқылы жол төсемесін, тротуарларды, сондай-ақ трасса енін өлшеу жүзеге асырылды.
Алынған үлгілер арнайы сараптамаға жіберіліп, нәтижесінде салынып жатқан объектіге тиісті баға берілетін болады.
«Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығының қалалық филиалы өкілдерінің айтуынша, бұзушылықтар анықталғаннан кейін мердігерлерге бұзушылықтарды жою үшін мерзім белгіленеді, содан кейін жол учаскесін нұсқаманың орындалуы тұрғысынан қайта тексеру жүзеге асырылады.
Өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері осы тұрғыдағы іс-шаралар мамандардың қатысуымен жүйелі түрде өтетінін атап өтті.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы жүзеге асырылуда, онда кез келген азамат мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын игеру жөніндегі ақпаратпен танысуға мүмкіндігі бар екендігі атап өтілді. Мұнда жол құрылысына бөлінген қаражат та жарияланады.
Жалпы, «Сапалы жол» жобасын іске асыру кезеңінде 10-ға жуық рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, онда 70-тен астам бұзушылық анықталды, олардың бірқатары жойылды.