Жастар арасындағы салауатты өмір салты мен спорттық сауықтыру жүйелі түрде айналысатын құбылыс

Спорт жан-жақты әлеуметтік құбылыс ретінде адамды еңбекке даярлауда, қоғамның рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруда, халықаралық қатынастарды нығайту және кеңейтуде, сонымен қатар этикалық және эстетикалық тәрбиенің маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Бұл адамның денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін нығайту мен сақтаудың ең қол жетімді әдістерінің бірі болып саналады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес, 2020 жылға қарай дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар саны 30%-ды қамту керек, ал арнайы спорттық мектеп базасында спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны 15,7%-ға жету керек.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында салауатты өмір салтын ұстанатын, дұрыс тамақтанатын, спортпен шұғылданатын адамдардың санын көбейтуге аса назар аударылады.

Ал салауатты ұлт үшін жағдай жасау өмір сүру ұзақтығын арттырады, медициналық көмекке кететін шығындарды азайтады, өмір сапасы мен еңбек өнімділігінің деңгейіне қанағаттануды арттырады.

Осы бағытта Шымкент қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды қалыптастыру» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

Жобаның негізгі тұжырымдамасы қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту болып табылады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы 94 спорт кешендері жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда.

Қала жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында қалалық Жастар ресурстық орталықта  арнайы 11 үйірме мен 4 диалогтық алаңшалар ұйымдастырылған. Орталықтың қызметін 40 мыңнан астам жастар қамтылуда.