Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған онлайн байқау өтуде

Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша  департаменті мен қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Парасатты  отбасы» онлайн байқауы өтуде.

Байқауға Шымкент қаласының әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын отбасылар қатыса алады.

Байқауға қатысушы отбасылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына назар аударылады.

Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылық, адамгершілік үлгілерін көрсететін 4-5 минуттық сапасы жоғары ролик дайындайды.

Аталған роликті әлеуметтік желілерде ортақ хэштегпен (#parasattyotbasy17) тегтеп орналастырады.

 Байқауға қатысатын жұмыстар мен үлгіге сай өтінімдер (1-қосымша) қалалық білім басқармасының электрондық поштасына 2020 жылдың 28 қазанына дейін жолданады (Meru.medetbekova@mail.ru).

Қорытындылау кезеңінде қазылар алқасы үздік деп таныған отбасылар анықталады (1 орын, 2 орын, 3 орын) және құнды сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, жүлделі орындарға ілікпей қалған отбасылар арасынан «Үздік оқырман отбасы», «Зейінді отбасы», «Көптілді отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы», «Жомарт отбасы», «Саяхатшы отбасы», «Өндірістегі үздік отбасы», «Дәстүрге берік отбасы» номинациялары бойынша таңдалып, алғыс хаттармен марапатталады.