Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталықтың оң нәтижелері таныстырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күреске барынша жауапкершілікті күшейту тетіктерін қарастыруды және қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық әрекеті үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын қызметінен босату институтын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік-құқықтық актілерді сараптамадан өткізуді қайта  қалпына келтіру, мемлекеттік қызметшілердің заңсыз баюы, кіріс және шығыс декларацияларын жариялау жауапкершілігі жөніндегі шаралардың маңыздылығына баса  назар аударуды тапсырған болатын.

Осы мақсатта Агенттікпен әр салада арнайы жобалар жүзеге асырылып, қазіргі таңда өз нәтижесін беруде – деп  атап өтті А.Жұмағали.

Сонымен қатар, бюджет ашықтығы мен оның мақсатты пайдалануын бақылау мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жүзеге асырылып отырғандығын, сондай-ақ,мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Азат Перуашев және Берік Дүйсенбинов мегаполиске арнайы жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Antikor ortalyǵyмен танысты.

Орталық жұмысымен таныстырған Департамент басшысы Асхат Жұмағали сервистік орталықтың жұмысы Президенттің халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасына толықтай сәйкес келетіндігін жеткізді.

ANTIKOR ORTALYǴY барлық қажетті талаптарды ескере отырып, ең бастысы ашықтық, қарапайымдылық және кедергісіз қызмет көрсету қағидаты бойынша құрылған.

Ғимаратпен танысқан Мәжіліс депутаттары халықпен тығыз жұмыс жасап, ашықтықты барынша қамтамасыз еткен бірден бір мекеме екендігін айтып, тұрғындар үшін барынша қолайлы жағдай жасалғандығын атап өтті.

Одан бөлек депутат, «Ақ Жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев «ANTIKOR.LIVE» жобасыаясында тікелей эфирге шығып, Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі басымдықтар мен мегаполиске жұмыс сапарының мақсатынан хабардар етті.