ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚЫҢ АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер автоматтандырылуда.

Оның ішінде Шымкент қаласының білім саласында цифрлық білім беру ресурстарын дамыту арқылы оқытудың мазмұндылығына, көрсетілетін қызметтерді оңтайландыруға және сыбайлас жемқорылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылған. 

Атап айтқанда, Шымкент қаласының техникалық және кәсіптік білім беру саласын, оның ішінде аталған салада мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында ашықтық, әділдік қағидаларын сақтау, халыққа қолжетімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында «college.snation.kz» ақпараттық жүйесі 2019 жылдың қыркүйек айында енгізілген.

Қазіргі таңда, аталған жүйе арқылы колледжерде көрсетілетін төмендегі мемлекеттік қызмет түрлері электронды түрде көрсетілуде. Олар:

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау;
  2. Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
  3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру;
  4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру;
  5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау;
  6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну;
  7. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау
  8. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру.

2020 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін ақпараттық жүйе арқылы 20 358 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіліп, автоматтандыру арқылы аталған салада сыбайлас жемқорлықтың жолы кесілді.