Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевпен онлайн-форматта өткен мәжілісте Ш. Мұқан жобалық кеңсе тарапынан тұрғындармен кері байланысты орнату мақсатында әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілетінін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресте күш біріктіріп әрекет ету керектігін атап өтті.
Жыл басынан бері жобалық кеңсеге 860-қа жуық сұрақ келіп түсті. Сұрақтардың басым көпшілігі білім беру мен денсаулық сақтау және коммуналды шаруашылық салаларына қатысты болды.
Осыған байланысты, әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар тарапынан түскен көптеген мәселелер өз шешімін табуда.
Сонымен қатар, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату үшін жобалық кеңсенің WhatsApp желісі іске қосылды — деді қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан.