Шымкентте суды арналар арқылы беру қызметінің тарифі төмендетілді

«Шымкент сушар» МКК-ның 2019 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті субъектінің «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 15) тармақшасының талаптарын, атап айтқанда бекітілген тарифтік сметаның орындалуын сақтамауын анықтады.

Осылайша, «Шымкент сушар» МКК-ның 2019 жылғы негізсіз кіріс сомасы қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, 7 635 850 теңгені құрады.

Осылайша, Департаменттің бұйрығымен «Шымкент сушар» МКК-ы үшін сумен жабдықтау (суды арналар арқылы беру) қызметіне бір жыл мерзімге 308,41 теңге/1000м3 мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 376,59 теңге/1000м3 18,10%-ға төмендетуімен уақытша өтемдік тариф енгізілді.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ресми сайты