Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Жұмабекұлының бастамасымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында мектеп оқушыларының арасында кіші футболдан турнир өтті.
«Саламатты ұрпақ» жобасының негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады.
Турнирдің 1-кезеңінің А -тобының командалары, яғни №24 мектеп-лицей, №35 ЖОМ, №49 ЖОМ, №50 мектеп-гимназиясының оқушылары өзара бақ сынасты.
Ойын қорытындысы бойынша А-тобынан №24 мектеп-лицей және №35 жалпы орта мектебі келесі кезеңге өтті.
Коронавирустық инфекцияның алдын-алу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормалар толықтай сақталды.