Шымкентте пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді

Шымкентте пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді. Еске сала кетейік, 24 қазан күні түнде 14 вагон жолдан шығып, аударылып кеткен болатын. Салдарынан 7 жолаушылар пойызының қозғалысы кешіктірілді.

Шымкент станциясында Ақтөбе – Алматы №34 жолаушылар пойызы 9 сағатқа, Қызылорда-Петропавл №76 пойызы -7 сағатқа кешікті. Қорғасын станциясында – Қызылорда-Көкшетау № 56 жолаушылар пойызы 5 сағатқа кешікті. Ал Қызылсай станциясында Алматы-Ақтөбе №23 жолаушылар пойызы 8 сағатқа кешікті. Манкент-2 станциясында Алматы – Шымкент №11 жолаушылар пойызы 5 сағатқа, Нұр-сұлтан-Сарыағаш №85 пойызы 1,5 сағатқа кешікті.

Састөбе станциясында Алматы-Ақтөбе № 33 жолаушылар пойызы 1 сағатқа кешікті. Қозғалысы кешіктірілген пойыздарда 1393 жолаушы болған. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар Шымкент қаласына жолаушыларды тасымалдау үшін 5 шағын автобус пен 2 автобус ұйымдастырды.

Мақпал РЫСБАЕВА