Шымкентте кәсіпкерлікті жан-жақты қорғауды қамтамасыз етіп, аталған салада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отырған “Protecting Business and Investments”, яғни «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы бірқатар заңсыздықтың алдын алуға ықпал еткен.
Бұл туралы ANTIKOR ORTALYǴY алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында хабарланды.
Брифинг барысында кәсіпкерлер палатасы өкілдері, ағымдағы жылы бизнесті қорғау бойынша кәсіпкерлік палатасына 221 арыз түсіп, оның 152-і оң шешімін тапқанын жеткізді.
Сонымен қатар, Кеңестің 9 отырысы ұйымдастырылып, онда 14 жүйелі проблемалық сұрақтар көтерілген.
Сонымен қатар, онлайн шарада Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев бизнес өкілдерінен көбіне мемлекеттік қызмет көретудің сапасы, заңсыз тексерулерге қатысты шағымдар түсетінін жеткізді.
«Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы аясында мәселелер қысқа уақыт ішінде шешілуде және мегаполис кәсіпкерлері аталған Жобаға сенім арта бастаған.
Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алудың басты шарты – мемлекетіміздің аумағында адал бизнес жүргізу бойынша міндеттеме алуы жеткілікті дейді мамандар.
Сонымен қатар, Талғар Серікбаев Департамент бизнес өкілдері үшін ашық екендігін жеткізіп, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.