Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 қазандағы №41 санды қаулысының мазмұны мына төмендегіше белгіленген.
Шымкент қаласының аумағында карантиндік, шектеу шараларын ұзарту және Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы
Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Карантиндік шектеу шаралары жәнеоларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №58), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 26- қазан сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 9 – қараша сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.
2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі №39 қаулысына келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
1) 3 тармақтың 3.7 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.7. көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану нысандарының және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған
үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофейнялар және кулинариялар), сонымен қатар сауда-ойын-сауық кешендерінің (жеке ғимараттардағы) жұмысы күнділікті, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін шектелсін.Мерекелік, мерейтойлық жиын ісшараларды өткізуге (банкет, той, еске алу, туылған күн, мерей той, шығарып салу, құдалық, беташар және басқа),фудкордтардың, банкеттердің жұмыс істеуінетыйым салсын»;
2) 3 тармақтың 3.11 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.11. белгілі бір топтардың (ауысымдық жұмысшылар, медицина қызметкерлері, спортшылар) орналастыруға келісім шарты бар объектілерді қоспағанда, туризм мен халыққа жатын орындарды ұсынатын қызметтердің саласындағы нысандардың қызметі (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқалар) қонақтардың (клиенттердің) саны жобалық қуаттылығынан 80% дан аспаған жағдайда, сонымен қатар нысанда тұрғандарға қызмет көрсететін (тамақтану, кір жуу, үтіктеу және басқалар) жұмыстар қалыпты режимде ұйымдастырылсын»;
3) 3 тармақтың 3.12 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.12. көрермендердің қатысуынсыз, бір мезгілде 100 адамнан асырмай жинақтай отырып, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын және сәйкес тиісті аумақтардың бас санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге рұқсат берілсін. Көрмелер,ойын-сауық, спорттық, отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды адамдардың көп жиналу орындарында, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;
4)3 тармақтың 3.23 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3.23. цирктің, көңіл көтеру мекемелерінің (караоке,бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулингорталықтар,балалардың ойын алаңдары менжабық бөлмелердегі аттракциондардың, мұз алаңдарының, батуттардың және т. б.), букмерлік конторлардың жұмысына тыйым салынсын».
3. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.
4. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.
5. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
6.Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А.Тулебаев
Ақпарат көзі отырар.кз