ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ДІНИ ДӘРІС ӨТКІЗГЕНДЕР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласында «Жібек Жолы» ассоциациясы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 490 бабы Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзған.  

Шымкент қалалық дін істері басқармасы жүргізген мониторинг барысында Қауымдастыққа қарасты «Қамар» қайырымдылық мекемесінде 36 бала, «Алмагүл ана» қайырымдылық мекемесінде 10 бала, «Тассай», «Тәліп ата» қайырымдылық мекемелері эпидемиологиялық ахуалға қарамастан тәлімгерлерді үйлеріне қайтармаған.

Бұған қоса заңсыз діни білім бергендері белгілі болған.

Аталған мекеме Қазақстан діни мұсылмандар басқармасынан ешқандай қорытынды сараптама алмаған және арнайы ұстаз, оқытушы бекітілмеген.

Сонымен қатар, аталған мекемелер Әділет органдарында діни мекеме ретінде тіркелмегендігі анықталған деп хабарлайды Kаzislam.kz.