Шымкентте жол сапасына мониторинг жүргізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жол  құрылысы жұмыстары саласындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Сапалы жол» жобасы аясында мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг Шымкент қаласы Нұртас м/а Шұғыла көшесінде жүріп жатқан жұмыстарға жүргізілді.

Осыдан 2 ай бұрын «Сапалы жол» жобасы аясында мониторинг жасалынған болатын.

Көше барлық талаптарға сай салынған және тұрғындар өз ризашылықтарын білдірді!

«Сапалы жол – адалдық алаңы» жобасы салынып жатқан көлік жолдарының сапасын бақылауға арналған.