Шымкент қаласының Жастар ресурс орталығында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен жастардың Отанға деген патриоттық сезімін арттыруға бағытталған «Айбын — 2020» VІ республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанаты өтті.
Ел Президенті Қасымжомарт Тоқаев: «Жақсы дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны – отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң» деп атап көрсетті.
Бүгінгі жиынның басты мақсаты — жастар арасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру, Қазақстан Қарулы Күштерінің беделін көтеру және әскери қызметті насихаттау, салауатты өмір салтын ұстанып, туған жер мен Отанға деген жастардың патриоттық сезімін арттыру болып табылады.
«Айбын» жиынының ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы мен білім басқармасының өкілдері қатысты. Республикалық «Айбын — 2020» VІ республикалық әскери-патриоттық сайыста Шымкент қаласының намысын қорғайтын «Жас қыран» тобына сәттілік тілейміз!