ШЫМКЕНТТЕ ДІНИ ТАНЫМДЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР ӨТУДЕ

Шымкент қаласының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің қолдауымен «Отбасы құндылықтары-бақыттың кілті» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты — Самғау сенім орталығына жүгінген азаматшаларға діни танымдық ақпараттар беру болып табылады.

Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог мамандары И. Айтаев, Г. Қуандық қатысты.

«Отбасы құндылықтары-бақыттың кілті» тақырыбында өткен  дөңгелек үстелде дәстүрлі дін туралы қатысушыларға кеңінен ақпараттар берілді.

Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтіп, дін саласына қатысты қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.