ШЫМКЕНТТЕ ВИРУС ЖҰҚТЫРУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕУДЕ

Шымкент қаласында  эпидемиологиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді. Бүгінде провизорлы стационардағы төсек-орындардың 88 пайызы бос тұр. Яғни, инфекциялық ауруханаларда жүктеме азайды. 

Ширатып айтсақ, қалада вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары, оның ішінде шектеу шаралары оң нәтижесін беруде. Сол себепті Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелмеді.

Дегенмен медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынындығын, қауіптің әлі де сейілмегенін ескертуде. Оған қоса мамандардың алдағы күз айында жаңа толқынның болу мүмкіндігі жайлы дабылын ескерсек, санитарлық нормаларды мейлінше қатаң түрде сақтап, карантин талаптарын ұстану қажет. 

Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкент қаласында Сovid-19 жұқтырудың 5155 фактісі тіркелген. Оның ішінде 2627-сі – симптомды, 2528-і – симптомсыз жағдай. Ал 4330 науқас  инфекциядан жазылып шықты. 

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы