«Чекті талап ет те — жүлде ұтып ал!»

Мемлекеттік кірістер Комитеті жыл сайын «Чекті талап ет те — жүлде ұтып ал!» атты жалпыреспубликалық акциясын өткізеді. «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы Акцияға онлайн-БКМ фискальды чекті жөнелтіп жүлдеге 200 теңгеден 5000 теңгеге дейін ұтыс шыққан тұлғаның телефонына бірлік ретінде алу мүмкіндігі бар. Акция 2020 жылдың 01 желтоқсанына дейін өткізіледі.

БКМ чектерін бермеу жолымен тиесілі салықты төлемейтін кірістерін жасыратын азаматтарға қатысты нөлдік төзімділікке азаматтық қоғамды тарту мақсатында чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Халықтық бақылау – Түбіртекті талап ет» Акциясы жүргізіледі.

Құрметті қала тұрғындары!!! Тауарларды сатып алу немесе қызметтерді алу кезінде бақылау-касса машиналарының чектерін бермеу түрінде бұзушылықтарға нөлдік төзбеушілік көрсету қажет. Өткізіліп жатқан акцияға белсенді қатысыңыздар, бұл өз кезегінде көлеңкелі экономиканың қысқаруына және мемлекетіміздің әл-ауқатының артуына алып келеді.

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Ақпарат көзі Шымкент келбеті газеті