Халыққа сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкерлерінің саны артты

Денсаулық сақтау мекемелері желісі

Шымкент қаласының медициналық ұйымдар желісіне 36 медициналық ұйым кіреді, оның ішінде 13 емхана, 15 стационар, 1 диагностикалық орталық, 7 басқа бейіндегі ұйымдар.

Денсаулық сақтау саласынның міндеттері:

1) ана мен бала денсаулығын нығайту;

2) әлеуметтік маңызы бар аурулардың салмағын төмендету;

3) салауатты өмір салтын дамыту;

4) медициналық көмектің сапасы мен оның қолжетімділігін арттыру;

5) медициналық мекемелерді білікті мамандармен қамтамасыз ету.

Халық үшін БМСК ұйымдарының қолжетімділігі және қаланың стационарлық ұйымдарының жағдайы бойынша ағымдағы жағдай талданды. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымының жағдайын жақсарту бойынша бірқатар іс-шаралар әзірленді.

Сонымен қатар, жоспарланған жобалардың ішінен ПЭТ/КТ орталығын, маммологиялық орталықтарды, эфференттік терапия орталығын құруды атап өткім келеді. Барлық осы жобалар бойынша қазір тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Барлық мемлекеттік медициналық ұйымдарда медициналық ақпараттық жүйе енгізілген. Медициналық құжаттаманың 121 нысаны электрондық форматқа ауыстырылып, қағазсыз құжат айналымы жүргізілді. Қала бойынша мемлекеттік МҰ – ға 902 278 тұрғын тіркелген, оның ішінде толтырылған электрондық денсаулық паспорты — 100%.

Халыққа сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкерлерінің саны артты (дәрігерлер 13% — ға, дәрігерлердің жалпы саны 3519-дан 3 983-ке дейін және орта медициналық қызметкерлер 10% — ға: 8587-ден 9 440-қа дейін). Дегенмен, 136 реаниматологқа және 138 инфекционист дәрігерлеріне қажеттілік бар.

Жыл басынан бері 10 164 медициналық қызметкерлер оқудан өтті.

250 «Бобров» аппаратын алу үшін  сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы мен № 3 қалалық аурухана базасында екі 3 оттегі станциясын орнату жұмыстары аяқталып, іске қосылды.

Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда 717 оттегі нүктесі мен  сұйық оттегіге арналған 9 оттегі резервуары  орнату жұмыстары жүргізілуде.

Ақпарат көзі Шымкент қаласы әкімдігінің сайты