«Халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды қалыптастыру» пилоттық жобасы әзірленді

Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды қалыптастыру» пилоттық жобасы әзірленді.

Жоба 2020 жылдың 3 қарашасында іске қосылады. ⠀↪Жобаның негізгі тұжырымдамасы — қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту.

10 спорт алаңында таңғы және кешкі спорттық жаттығулар өтеді.

ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ: 8:00-де

КЕШКІ ЖАТТЫҒУ: 18:00-де

Қаланың әрбір тұрғыны қатыса алады.⠀

Жаттығулар әр аптаның сейсенбіден сенбіге дейін өтеді.⠀

Жексенбі және дүйсенбі демалыс.

Халық көп жиналатын мына спорт алаңдарында өтеді.

1. Абай саябағы

2. Металлургшілер саябағы

3. Отбасы аллеясы

4. Қошқар ата жағалауы

5. Тәуелсіздік саябағы

6. Орталық саябағы

7. Жеңіс саябағы

8. Дендросаябақ

9. Нұрсат ш.а аллея

10. Қажымұқан атындағы «Орталық стадион» аллеясы.