ТЕМІР ТОРҒА ТОҒЫТЫЛҒАНДАР КӘСІПТІК САУАТЫН АРТТЫРУДА

Темір торға тоғытылғандар да қоғамнан тыс қалмайды. Мемлекет тарапынан олардың білімін жетілдіріп, жазасын өтеп болғансоң өмірден өз орнын табуға қолдау көрсетілуде. Шымкенттегі ИЧ 167/4 түзеу мекемесіндегі нәзік жандылар кәсіптік сауатын арттыруда. Олар ұмыт болып бара жатқан құнды дүниелерімізді жаңғыртып, тапсырыс қабылдап жатыр.

Арнайы  жабдықталған тігін шеберханасында 67 әйел жұмыс істейді. Қазақтың  құрақ көрпесі мен түрлі нақыштағы ою-өрнекпен көмкерілген ұлттық киімдер және қазіргі таңда көп қолданыстағы түрлі бұйымдарды тапсырыспен тігеді. Сонымен қатар қыз жасауларын,бесік жабдықтарын өз қолдарымен жасап шығаруда. Қапастағы қас шебердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдары көптің назарына ілігіп, қазіргі таңда сұранысқа ие.

Берік Бердіқұлов — Мекеме бастығының жалпы сұрақтар және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру жөніндегі орынбасары                              

Жазасын өтеуші  Жұмагүл Демесенованың қолынан шыққан кестелі  бұйымдарына қарасаң көз тоймайды. Оның айтуынша мұндай тігін шебері болуды, бұрын соңды ойлапта көрмеген.Тігін мамандығы бойынша 10 айлық курсты оқып, бүгінгі таңда соның жемісін көруде.

Жұмагүл Демесенова – жазасын өтеуші

Жазасын өтеушілер уақытын босқа өткізбей,  білім алып, теолог және психолог мамандардан дәріс алады. Істі болған азаматшалардың басым бөлігі жаман әдеттерінен арылып, «қалған өмірімізді отбасында, ошақ қасында өткізгіміз келеді» дейді.

НазкенCкандар