Шымкент қалалық Туризм басқармасы осы салаға жауапты мамандарға танымдық саяхат ұйымдастырды. Шараға музей, кітапхана қызметкерлері мен БАҚ өкілдері ат салысты. Олар өңірдегі мәдени-тарихи орындар мен киелі жерлерді аралап, зиярат етті. Тақырыпты тілші толықтырады.
Саяхат барысында топ мүшелері әуелі қаладағы көне шаһарға табан тіреді. Тарихшы, архиолог Бауыржан Байтанаев қызметкерлерге цитадельдің тарихы мен тағылымын түсіндірді. Көне шаһарды аралаған мамандар мұндағы құрылыс жұмыстарымен танысып, орталықтағы көнеден сыр шертер бұйымдарды тамашалады.
Бауыржан Байтанаев – тарихшы
Ботакөз Мамытбекова – Шымкент қалалық «Отырар» ғылыми — әмбебап кітапханасының қызметкері
Туристік топ бұдан кейін, Қарашаш ана мен Ибрагим ата кесенелерін аралады. Қасиетті орындарда ғибадат жасап, марқұмдар рухына құран бағыштады. Айта кетейік, мұндай шаралар Шымкент қалалық Туризм басқармасының ұйымдастыруымен жыл басынан бері 7 рет өткен. Карантиндік шектеуге байланысты тек адамдар саны қысқарғанымен, жоспар кестеге сай жүргізілуде дейді мамандар.
Азамат Нұрымбетов – Шымкент қалалық туризм басқармасының бас маманы
Еліміздің оңтүстігі туристік маңызы зор өңір. Қырғызстан мен Өзбекстанды басқа қалалармен байланыстыратын ірі орталық. Сонымен қатар, бұл аймақта шетелдіктерді қызықтырар мәдени-тарихи орындар мен табиғаты шұрайлы жерлер көп. Осы артықшылықтарды тиімді пайдалана отыра Шымкент қаласы Отандық туризм үшін маңызды тірекке айнала алады.
Д.Өмірзақова