Бүгін, 2020 жылғы 20 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның нормаларын және парасаттылық идеологиясын нығайтуды қамтамасыз ету шеңберінде қоғамдағы жалпы төзбеушілікті түсіндіру бойынша онлайн-кездесу өтті.
Онлайн-кездесуге Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.А. Байманов, ҚР АҚДМ жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Лима Диас, шақырылған сарапшы – «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Ш. Қожахметов, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері, және 12 облыстық, 35 қалалық, 162 аудандық жастар ресурстық орталықтарының басшылары қатысты.
Аталған іс-шараның басты міндеті жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру.
Сондай-ақ, кездесуде Ш.Байманов жастар ресурстық орталықтары қызметін жетілдіру мәселелерін талқылады; кездесудің қорытындысы бойынша жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде арнайы жоспар қабылдау бойынша шешім қабылданды.
Мұндай кездесулер ай сайын өткізіледі деп жоспарлануда.