Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған шектеулер

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының 13,  14, 15 баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне төмендегі шектеулерді қабылдайды:

      1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;

      2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;

      3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік міндеттерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

         Сонымен қатар, жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау тәртібін реттейтін заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулерді көздейтін басқа да құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін.