Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы талқыланды

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында  «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру барысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдарды уәкілетті мемлекеттік органдардың орындау нәтижелері туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру және тәрбиелеу мәселелері» талқыланды.

Биыл «2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру кезінде іс-шаралар жоспарының 37 тармағы сапасыз орындалғаны (Мәдениет және спорт министрлігі, Білім және ғылым министрлігі), мерзімдердің бұзылуы (Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Әділет министрлігі және Жоғарғы Сот), сондай-ақ жоспарда қойылған міндеттерді түпкілікті іске асыру кезіндегі өзге де кемшіліктер (Қаржы министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі) аталып өтті.

Өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет орталық деңгейде 10 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, өңірлік деңгейде — 226 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудан өткізді. Олардың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы 2096 ұсыныс енгізілді, соның шеңберінде 800-ден астам ұйымдастыру шаралары қабылданды, 63 нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер жасалды.

Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институтын пайдалану кезінде белсенді жұмыстың жоқтығы айтылды. Мәселен, соңғы 4 жылда мемлекеттік органдар мен ұйымдар 10 мыңнан астам осындай талдаулар жүргізді, бұл ретте тек 175 жағдайда немесе 2% тәуекелдерді жою бойынша ұсынымдар қалыптасты.

Әдетте талдаулар қорытындысы бойынша анықтамалар формальді түрде, кезекті ұсынымдарды шығару арқылы жасалады немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоқтығы мүлде нақтыланады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру және тәрбиелеу мәселелері жеке мәселе ретінде қаралды, оның ішінде жекелеген элементтер сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың бір келкі еместігі атап өтілді.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің үйлестіруші рөлін пайдалана отырып, білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенін қабылдау қажеттілігіне назар аударылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерінің маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, оған басымдық берілуі тиіс, ал қажетті іс-шаралар алдағы кезеңге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша жоспарда көрініс табуы керек.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны өз деңгейінде іске асыруды ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ, Мемлекет басшысының талаптары аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде тапсырма берді.