Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар – қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласын реттейді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар – қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жұртшылықтың қатысуымен мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері әзірлейді және олар заңнаманы әзірлеу кезінде және құқық қолдану практикасында ескеріледі.

Практика жүзінде қарайтын болсақ, мемлекеттік органдардың ресми сайттарында олардың әзірлеуі бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық стандарттары қоғамдық талқылауға шығарылып, азаматтардың ұсынысы мен пікірлері ескеріле отырып бекітілуде.